Қызылордалық жасотандықтардың қатары толықты (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ғимаратында «Jas Otan» Жастар қанатына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты шарасы өтті.
Шараға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова, партия ардагері Қуанышқали Шапшанов арнайы қатысты.
Атап өту керек, «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» Жастар қанаты – жастардың басын біріктіруші, қоғамдық сананы жаңғыртудың алдыңғы шебінде болатын, еліміздің өткенін бағалайтын, болашаққа сеніммен қарайтын, Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көретін және үздікіз еңбек ететін азаматтардың жаңа буынын қалыптастырушы мектеп.
2008 жылы Елбасымыздың бастамысымен І съезі өткен Партияның Жастар қанаты еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының табысты жүзеге асуына үздіксіз белсенділік танытып келеді. Партия Төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Jas Otan» Жастар қанаты елді жаңғырту үдерісіндегі Қазақстандық жастардың ең басты үйлестіруші болып табылады» - деп атап өткен болатын.
Салтанатты шарада мүшелікке кірген жастар белсенділерін құттықтаған Амарал Әлназарова «Jas Otan» Жастар қанаты жастардың басын біріктіруші, қоғамның басты қозғаушы күші екенін тағы бір рет атап өтті.
«Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы өз жұмысын қайта жандандырып, жаңа жеті бағытын айқындады. Онда партияның белсенді мүшелерін топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру халықпен, оның барлық әлеуметтік топтарымен нақты жұмыс істеу қағидатын енгізу, партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдау секілді негізгі міндеттер қамтылды. Бұл орайда партияның қанаты жасотандықтардың да саны емес сапасы маңызды. Бұл мақсаттарға жетуіміз үшін аймақтағы барлық партия мүшелері, жасотандықтар ел өміріне белсенді атсалысып және халыққа жақын болуы тиіс. Демек, қоғамдағы мәселелерге бей-жай қарамай, белсенділік таныту, жастардың мәселелерімен жүйелі айналысу бұл жасотандықтардың негізгі міндеті деп есептеймін деді», - А.Әлназарова.
«Jas Otan» Жастар қанатының мүшелігіне жас журналистер, жас кәсіпкерлер, спортшылар, жұмысшы мамандар, жастар ұйымдарының өкілдері, жас ұстаздар, өнер мен мәдениет саласының жас мамандары, белсенді өзге ұлт өкілдері мен студенттер барлығы 25 белсенді жас қабылданды.
Солардың бірі – шахматтан төрт түркін әлем, жеті дүркін Азия чемпионы Әсел Серікбай да бар. Ол жетекші партияның Жастар қанатына мүше болуын үлкен жауапкершілікпен қабылдап отыр.
«Jas Otan» Жастар қанатының мүше болу, мен үшін алдымен үлкен жауапкершілік деп білемін. Елбасымыз Төрағалық ететін партияның жастарының қатарында болу биік абырой. Мен шахматшымын, алдағы уақытта «Jas Otan» Жастар қанатының жанынан құрылған «Еріктілер мектебіне» шахмат сағатын өткізіп, жастарды терең әрі қатесіз тез ойлану қасиеттерін дамытуға жұмыстар атқаратын боламыз. Абыройлы міндетті жауапкершілікпен атқарамыз деп Сіздерді сендіргім келеді», - дейді Азия чемпионы.
Шара соңында партия ардагері Қуанышқали Шапшанов жасотандықтарға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.