Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз дауыл болады.
Ақмола, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледы.
Жамбыл, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.