Ішкі істер министрі Жанар Хамитованың өзіне қол жұмсағанын растады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жанар Хамитованың өліміне қатысты қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған. Барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Барлықтарыңыз да білесіздер, ол жерде өзінеөзі қол жұмсау фактісі болған. Дегенмен, кейбір нюанстардың болуына байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды. Іс аясында барлығы тексеріледі», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.