МЕКТЕПТЕРДЕ БАЛАЛАРҒА ТЕГІН ТАМАҚ БЕРУ ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ - А. СӘРІНЖІПОВ
Бастауыш сыныптардың оқушылары түскі ассыз қалмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
"Бүгінгі күнде еліміздегі бастауыш сынып оқушыларының 30 пайыз жергілікті бюджет есебінен тегін түскі аспен қамтылған. Бұл шара барлық әлеуметтік топтарға, кейбір өңірлерде бастауыш сынып оқушыларына бағытталған. Бұл салада айтарлықтай өзгерістер болмайды. Жергілікті бюджеттердің қауқарына сәйкес тегін тамақтандыру жалғаса береді", - деп атап өтті Аслан Сәрінжіпов журналистерге берген сұхбатында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бұрын тегін түскі аспен қамтамасыз етіліп келген балалар бұдан былай да тегін тамақтана береді.
"Бүгінде біз ешқандай қысқартуларды жоспарлап отырған жоқпыз. Бұған дейін тегін тамақтанып келген белгілі бір әлеуметтік топтан шыққан балалар одан әрі де тегін түскі аспен қамтыла береді" - деп түйіндеді министр.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та оқушыларды тегін тамақтандыру доғарылады деген ақпарат тараған болатын.