Министр Шамалғандағы өткелге қашан көпір салынатынын айтты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Шамалғандағы апат тіркелген жолдағы кептелісті шешу үшін көпір салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз өтпежолда көпір салуды келесі жылға жоспарлап отырмыз. Бірақ, көпір дәл осы өткелде емес, жер үйлер азырақ орналасқан аумақта салынады», - деді Роман Скляр ОКҚ-да тілшілердің сұрақтарына жауап беріп.
Министр көпір бойынша жобалар жұмыстары келесі жылы басталатынін жеткізді.
«Жобалау мерзімі шамамен 3-4 айды алады. Келесі жылы өткелде көпір құрылысын бастап кетуді жоспарлап отырмыз. Ол одан басқа жерде орналасады», - деді ол.
Айта кетсек, бұған дейін министр Шамалғандағы өткелге көпір салу үшін 70 жер үйді сүру керектігін айтқан еді. Осы оқиғаға байланысты ІІМ көліктегі полиция қызметкерлері бақылау жұмыстарын күшейтпек.