Қызылордада түркі жастарының халықаралық фестивалі өтеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде 19-21 қыркүйек аралығында түркі тілдес елдер жастарының «Түркі әлемін тоғыстырған – Сыр елі» атты халықаралық фестиваль өтеді.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-09/1568638952_16festival1.jpg)
Республиканың барлық өңірінің жастарын қамту жоспарланған шараға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және Әзірбайжан елдерінің шығармашыл және өнерпаз жастары қатысады деп күтілуде.