Танымал зілтемірші Майя Манеза істі болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Алматыда белгілі спортшы, зілтемірші Майя Манеза әкімшілік жазаға тартылды.
Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Volkswagen көлігінің жүргізушісі Майя Манеза Қарасай батыр-Жароков көшелерінің қиылысында Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.Сот барысында спортшы өз айыбын мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.
«Майя Манезаның айыбы толығымен дәлелденді. Осылайша судья оған 50 500 теңге көлемінде айыппұл салды», - деп мәлімдеді аталған соттың баспасөз қызметінен.



















