Қызылордалық полицейлер 2000 тұрғынға кеңес берді (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Халықпен кері байланысты орнату бойынша полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген екі күнге созылған акция облыс орталығында және барлық аудандарда өткізілді.
Екі күн бойы өткізілген акция барысында 2000-ға жуық тұрғын түрлі мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды. Полицейлер тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, кең көлемді кеңестер берді.