Сырдария ауданындағы жол құрылысы – партиялық бақылау назарында
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тереңөзек кентінің Н.Ілиясов және Қ.Бөдеев көшелерін байланыстаратын жол құрылысына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Кент тұрғындары үшін, көлік қатынасын ыңғайландыру мақсатында салынып жатқан жаңа көпірдің игілігін тұрғындар аз уақытта көретін болады. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жол және көпір құрылысын жүргізіп жатқан серіктестік жұмысшыларына ең бастысы сапаға көңіл бөлу керектігін ескертті.