«Мирас» аймақтық кеңесі мүшелері Қармақшыда болды (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесі мүшелерінің қатысуымен отырыс өткізілді.
Жиынға аталмыш қоғамдық кеңестің бірқатар мүшелері, атап айтсақ, Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова, облыстық филормонияның директоры Талғат Мақашев қатысты.
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Боханов ашып, жүргіз3п отырды.
Отырыс барысында Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында халыққа Жолдауы мен «Сенім. Диалог. болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасы негізінде алға қойылған мақсаттар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында рухани байлықтардың бірі отбасы екендігін жөнінде талқылау жүргізілді.
Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында қыруар шаруа атқарылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты.
Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Осы мәселе төңірегінде «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі мүшелері өз ойларымен бөлісті. Қазақ тарихындағы киелі отбасының идеологиясын қайта жандандыру – алға қойылған негізгі мақсаттардың бірі екендігін жеткізді.
Сондай-ақ ардагерлер, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.
«Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінң мүшелері аталмыш мәселелер бойынша ұсыныс – тілектер немесе идеологиялық тұрғыда шешімі табылмаған жұмыстар болса, қол ұшын созуға дайын екендерін жеткізді.