14-16 қыркүйек күндері елімізде найзағай ойнап, бұршақ жауады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 14-16 қыркүйек күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Республиканың оңтүстік жартысына белсенді бұлтты құйын жылжып келеді. Соған байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аудандарында бұршақ жаууы мүмкін», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аудандарынан шыққан барикалық жыра әкелетін ауа ағындары Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлерінде жел ауытқып, жаңбыр жаууына себепші болады. Ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады, тек Қазақстанның шығысында қатқақ болуы ықтимал.