16 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылы құрылған. Сол жылы 8 наурыз мерекесін тойлау қарсаңында отбасындағы береке мен мейірімнің ұйытқысы ретіндегі әйелдердің рөліне ерекше баға беріп, қазақстандық аналарға сый көрсету үшін арнайы бір күнді белгілеу идеясын алға тартты. Сондай-ақ, Президент қазақстандық аналарды «үй жұмыстары саябырсып, молшылық кезең болатын» күз мезгілінде құттықтауды ұсынды. Көп уақыт өтпей Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің
1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мейрамдар туралы» №3827 Жарлығына тиісті өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес, елде жаңа мейрам - Аналар күні мерекесі тойланатын болды. Мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді.
1944 жылы Ақтөбе облыстық филармониясы құрылды. Оған 1997 жылы белгілі қазақ сазгері Ғазиза Жұбанованың есімі берілді.
1976 жылы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы келушілерге есігін ашты. Экспонаттардың басым бөлігін Қазақстанның бейнелеу және қолданба өнер туындылары құрайды. Батыс Еуропа коллекциясында XVI-XIX ғасырларда өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан Италия, Франция, Голландия, Фландрия, Германия, Англия және Аустрия суретшілерінің түпнұсқа шығармалары жиналған.
1992 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдердің Парламентаралық ассамблеясы құрылды.
1992 жылы Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
2014 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚҒС) Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәселелері бойынша өткен алтыншы саммитте «ЖҚЗ жерсеріктік операторлары арасында жыл дебютанты» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.