Әйелдерді күйзеліске ұшырататын ең негізгі себеп анықталды
Әйелдер күйзеліске жұмыста немесе қоғамдық көлікте емес, үйде көп түседі екен. Пенсильвания Университетінің ғалымдары осындай тұжырым жасаған.
Ерлер жұмыста күйзеліске көбірек ұшырап, үйде өздерін жайлы сезінеді екен. Ал әйелдер үйде күйзеліп, жұмыста өздерін жақсы сезінеді екен.
Экспериментке 122 әйел қатысқан. Олардың жұмыс күндеріндегі және демалыс күндеріндегі кортизол гормондарының деңгейі анықталған. Кортизол күйзеліске жауап беретін гормон. Жұмыс күндері бұл гормон аз болып, демалыс күндері көтерілген.
Дереккөз: Reactor