Қазақстанда екпе салынбаған балаларды балабақша мен мектепке қабылдамауы мүмкін
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанда екпеден бас тартқан ата-аналардың балаларын балабақша мен мектепке қабылдамауы мүмкін. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: өзекті мәселелер және шешімдер» конгрессінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар еліміздің бас санитар дәрігері балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға әкімшілік жауаптылық қарастырылғанын жеткізді.
«Егер ол балабақшаға, мектепке барып жүрсе, жасына қарамастан, екпе алған болуы тиіс. Ол басқа оқушылардың ауырмауға деген құқығын сақтауы керек», - дейді ол.
«Біздің мақсатымыз – екпе салынға балалардың санын 95 пайызға дейін жеткізу. Ересектер арасында бұл көрсеткішті 80-85 пайызға жеткізу керек», - дейді Бекшин.
Жандарбек Бекшиннің сөзінше, бүгінде заң жобасы үкіметтің сараптамасынан өтіп, кемшіліктер, ескертулер жойылып, өзге де мемлекеттік органдармен келісілуі үшін үшін қайтарылған.