ЖОБА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Өмірзақова жетекшілігіндегі «Отбасылық бизнес - халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың инновациялық тәсілі ретінде» жобасы 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі бойынша жеңімпаз атанды.
Отбасылық бизнесті ұйымдастыру және дамыту қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселелерді шешу халықтың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлесін қосады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасса, еліміздегі экономикалық ахуал жақсара түседі. Сондықтан, біз отбасылық бизнестің тиімділігі мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызын әрбір отбасыға жеткізуді мақсат етіп отырмыз, - дейді жобаның жұмыс тобының мүшелері.