Қазалылық тұрғынға 7 адам жабылып, көлігін қиратқан

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Әйтеке би кентінде кешкі уақытта белгісіз біреулер 39 жастағы кент тұрғынының басқаруындағы автокөлігін тоқтатып, оны ұрып-соғып, көлікті қиратып, бұзақылық жасалғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша полицейлермен 7 күдікті тұлғалар анықталды. Олардың барлығы жас шамасы 21-27 аралығындағы Әйтеке би кентінің тұрғындары екендігі белгілі болды.