Бейсенбі елімізде ауа райы құбылмалы болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бейсенбі еліміздің солтүстік мен шығысында құбылмалы ауа райы сақталады – кей жерлерде жаңбыр жауады, шығысында түнде кей жерлерде қатты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«12 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде антициклоннің орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстік және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады – кей жерлерде жаңбыр жауады, шығысында түнде кей жерлерде қатты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, шығысында бұршақ жаууы мүмкін», делінген болжамда.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен, Шығыс Қазақстан облысының кейжерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде топырақ бетінде үсік 1-3 градус күтіледі.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Карағанды облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік –батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.