МҰЗДАН БАЙҚАҢЫЗ, ҮСТІНДЕ ЖҮРМЕҢІЗ!
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында «Toyota corolla» мемлекеттік белгісі «kz786CEA 11» маркалы автокөлік жүргізушісімен бірге суға батып кеткен. Сондай-ақ, Арал ауданы, Аманөткел ауылында «УАЗ-фермер» мемлекеттік белгісі «№610LNM» маркалы автокөлік жүргізуші, 5 адам жолаушы азаматтарымен Сырдария өзені суына батқан.
Аталған жағдайларға байланысты өткізілген Қызылорда облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс «Қыс мезгілінде су айдындарында облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» туралы отырысының шешіміне сәйкес қала орталығы мен Талсуат елді мекені аралығындағы Сырдария өзенінің бойындағы бөгет арқылы мұз үстінен автокөлік құралдары өтуі мүмкін қауіпті учаскелерді анықтау мақсатында рейд жүргізді. Іс шара барысында «Ягодка», «Пищевик» саяжайларының тұрғындары қамтылды.
Сонымен қатар Талсуат ауылдық округінде тұрғындар мен мектеп оқушыларының қатысуымен жиын өткізілді. Іс-шараға Қызылорда қаласы әкімдігі, Қызылорда қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, Қызылорда облысы ТЖД «Суда құтқару қызметі», Қызылорда облыстық аумақтық аңшылық және балық шаруашылық инспекциясы өкілдері қатысып, үгіт-насихат жұмысы жүргізіліп, үнпарақтар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.
Атқарылған шараларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау мақсатында, «ҚоғамТВ» телеарнасы, «Халық», «Ақмешіт ақшамы» баспаларының өкілдері қатысты.
Қызылорда қаласы
Төтенше жағдайлар басқармасы