Облыс әкімі әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов партия алаңында еркін, ашық түрде өңірдегі әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті.
Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы партия жұмысын жаңғыртуға арналған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасында қоғамның сұранысына түйткілді мәселелерді бүкпесіз ашық айтуды, қиындықтарды бірігіп шешуге сондай-ақ, халықпен кері байланыс орнатуды ел дамуына үлес қосатын негізгі факторлар ретінде қарастырып отыр.
Сондықтан, еліміздегі басты саяси күш «Nur Otan» партиясының алдында Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, халыққа жақын болып, оның мұң-мұқтажын білу мен оған қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату құралдарының тиімділігін арттыру міндеттері тұр.
Мұны ел Президенті қоштап, өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екенін атап өтті.
Бұл бағытта партия филиалы бүгінде азаматтық қоғам өкілдерімен, Үкіметтік емес ұйымдармен және түрлі әлеуметтік топтармен байланысты күшейту жұмыстарын қолға алды.
Соның ішінде ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен кездесіп қоғамдағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары талқыланды. Көтерілген ұсыныстар назарға алынып, партия мен мемлекеттік органдар тарапынан кезең-кезеңімен шешімін де тауып жатыр.
Бүгін осы мақсатта «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов партия алаңында ашық, еркін форматта өңірдегі әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті. Кездесуде қоғамдағы білім, денсаулық, спорт, әлеуметтік сала бойынша түрлі проблеммалық мәселелер талқыланып, олардан нәтиже шығару үшін, бірлесе жұмыс атқарудың жай жапсары талқылады.
Келелі кездесу алдағы уақытта жалғасатын болды.