Несие есебін қалай онлайн алуға болады?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Банктен алған несиелеріңіз туралы егжей-тегжейлі білгіңіз келе ме немесе «несие тарихы» бойынша анықтама қажет пе?
Оны egov.kz порталы арқылы алу оңай!
Бұл үшін:
•Порталда авторланыңыз;
•«Дербес несие есебі» қызметіне тапсырыс беріңіз;
•Өтінішті толтырыңыз;
•ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
Несие есебі туралы ақпарат сіздің жеке кабинетіңізге 15 минут ішінде келеді. Жылына бір рет «несие есебі» қызметін тегін алуға болады, қайтара сұрату – ақылы.