Қызылордада 9 пәтерді тонаған қылмыскерлер сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 7 маусымында сот үкімімен Қызылорда қаласының тұрғындары Б.Н. 3 үш жылға, Б.Е. 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Тергеу барысында күдікті ретінде екі қала тұрғындарының бұл қылмыстан бөлек жасаған 8 эпизод қылмыстары әшкереленіп, олар барлық жасаған қылмыстарын толық мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 7. 785 000 теңгені құрайды.
Сот процесінде күдіктілер өздері жасаған қылмыстық іс әрекеттерін мойындап, келтірілген шығынды жәбірленушілерге толығымен өндірді.