Қызылордада заңсыз жүрген 21 шетел азаматы ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 09-12 аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-Арна-Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 160 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 18 ҚР азаматына және ӘҚБтК-нің 519 бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 9 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Өзбекстан Республикасының 42 азаматына уақытша болу мерзімдері қысқартылды. Сондай-ақ аталған елдің 21 азаматы республика аумағынан аластатылды.
Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 3 азаматы ҚПБ-ның қабылдау тарату орнына жеткізілді.
