Қазақстанда қылмыс әлемінің 15 атақты адамы ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 15 қылмыстық танымал адамдар ұсталды деп жазады NUR.KZ.
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзиннің ақпараты бойынша, үстіміздегі жылдың басынан бері криминалитеттердің 146 өкілі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.Оның 15-і қылмыстық ортадағы атақты тұлғалар болып табылады.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қылмыскерлерді ұстау кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлері жүздеген түрлі қарулар, оның ішінде тапаншалар, карабиналар, кесілген мылтықтар, аңшы мылтықтарын тәркіленген.
Одан бөлек, жарылғыш оқ-дәрілер, 123 келі есірткі табылғаны белгілі болды.



















