Желіде Нұрғали Нүсіпжанов пен жас әйелінің шипажайдағы видеосы тарады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ғаламтор кеңістігінде 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің шипажайдағы видеосы тарап кетті. Жақында ғана үйленіп елді шулатқан жұп ем алу орталығында арнайы концерт берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аталмыш видео Youtube желісіндегі "Жаркент-Арасан" шипажайының каналында жарияланған.
Бейнежазбадан Жадыра Сейдештің сөз тізгінін алып, барша емделушілерге шипа тілегенін аңғаруға болады. Артынан журналист жұлдызды жолдасын ерекше таныстырып, оны ортаға шақырған.
Келіншегінен кейін ел алдына шыққан Нұрғали Нүсіпжанов әнімен көпшілікті әуелетті.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың 82 жасында үйленгенін хабарлаған болатынбыз.
Бұл жаңалықты естіген шоу-бизнес өкілдері қарт әншіге өз тілектерін жаудырған.