Орта Азия елдерінің магистранттары Арал ауданында болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Халықаралық Аралды құтқару қоры мен Қазақстан-Неміс университеті бірлесіп, ауданда магистранттар үшін Арал теңізінде жазғы мектеп ұйымдастырылған болатын.
Жазғы мектепке Орта Азия мен Еуропалық Одақ елдерінен 20 магистрант қатысты. Магистранттар Кіші Арал теңізі, Барсакелмес қорығы, ежелгі Кердері қаласының қазындылары мен Бегім-Ана кесенесімен танысты.
Сондай-ақ Абай атындағы кітапханада Coworking орталығымен танысып, Аралдың белсенді жастарымен жүздесті. Жиын барасында аудандағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы тыңдалып, ұсыныс-пікірлер айтылды.