Бұршақ, жауын, жел – сейсенбіге арналған ауа райы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 10 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, тұман күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін. Тек батыста ғана күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысында, түнде Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.