Қармақшыдағы жыраулар үйі күрделі жөндеуден өтуде
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің орталығында орналасқан Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйінде» күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жердегі жұмыс барысымен аудан әкімі Мұса Қалдарбеков танысты.
Жыраулар үйінің шатырына күрделі жөндеу жұмыстарына «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде іске асып жатыр. Оған жалпы көлемі 143 925,0 мың теңгені құрайтын қаржы бөлінген. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 43,917 млн. теңге, облыстық бюджеттен 4,879 млн. теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылған.
Нәтижесінде «Капстройгрупп-Т» ЖШС-мен жалпы 41580,0 мың теңге көлемінде келісім шарт жасалды.
Құрыш қолды құрылысшылар «Жыраулар үйінің» жұмысын қараша айында аяқтауды жоспарлауда.
Бұдан кейін өңір басшысы Мұса Қалдарбеков Жосалы кентіндегі аграрлық-техникалық колледж бен «Шипагер» емханасындағы құрылыспен танысты. Осы орайда аудан әкімі жауапты мамандарға ұсыныс білдіріп, құрылыс жұмысын мерзімінде мәресіне жеткізуді тапсырды.