Қызылордада аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды (ФОТО)

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының және ҚР ІІМ-нің Криминалдық Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдікті 6 тұлға ұсталып, олардан айғақ заттар тәркіленді. Ұсталған күдіктілердің барлығы да здерінің қылмыс жасаған іс-әрекеттерін толығымен мойындаған.
Қылмыскерлер 20-25 жас шамасындағы, тұрақты жұмыстары жоқ және бұрын сотты болғандар екендігі анықталды.
– Қарақшылық қылмысын жасаған қылмыскерлер бүгінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары (ҚР ҚК-нің 192-бабының 4 - бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігімен) жалғасуда.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда ұсталған күдіктілердің 5 тамыз күні жеке үйдің гаражынан «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің ұрлау дерегіне қатыстылығы анықталу үстінде, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

