Қызылордада екі қыз баланы қағып өлтірген жүргізуші сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада екі қыз баланы қағып кетіп өлтірген жүк көлігінің 38 жастағы жүргізушісі сотталды. Бұл туралы Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру барысында жүк көлігінің жүргізушісі сол сәтте мас болғаны анықталды.
«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен, 347-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ер адам тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды», – деп мәлім етті Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.