Қызылордада жүргіншілер жолағында адам қаққан жүргізуші ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата көшесі бойында жеңіл көлік жүргіншілер жолында жолаушыны қағып кетті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Зардап шеккен азаматша медициналық мекемеге жеткізілді. Автокөлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Бүгінде аталған оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.