9 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 9 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте – дауыл, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста тұман түсуі ықтимал. Тек батыста ғана күн ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан және Қызылорда облыстарында дауыл, Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, Қостанай облысында – тұман. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.