Елімізде тұрғындарға 2020 жылы тегін берілетін дәрілік заттардың тізімі шықты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасында 2020 жылға арналған тегін медициналық көмек шеңберіндегі дәрілік заттардың тізімі шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, бұл тізімге 769 дәрі-дәрмек, 170 амбулаториялық-акушерлік негізде, 379 медициналық мақсаттағы зат кіреді.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы бұйрығымен 2020 жылға Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бекітілді.
Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынған дәрілік заттардың (769 дәрі-дәрмек), медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізімі - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен құжат:
- тапсырыс берушілер бір дистрибьютордан сатып алатын дәрі-дәрмектердің, халықаралық патенттелмеген атауы немесе дәрі-дәрмектердің құрамы, сондай-ақ техникалық сипаттамалары мен бағалары, отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді жеткізу келісім-шартын жасау мүмкіндігі көрсетілген тізім;
- жеке төзімсіздігі бар пациенттерді фармацевтикалық қамтамасыз етудің халықаралық патенттелмеген атауын және емделушіге бағытталған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қағидатын іске асыратын дәрілік заттардың тізімі.
Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.