ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ
2015 жылдың 10 ақпан күні, бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік» күні өткізілді.
Бұл іс шараға қатысқан Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М.Қайырбеков пен осы соттың төрағасы Б.М.Қалымбет сотқа келген азаматтардың қойған сауалдарына жауап берді.
Заңгер мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген азаматша К.Оспанованың сот органдарына жұмысқа орналасу жөнінде сұрағына мемлекеттік қызметке тұру ережелері түсіндірілді. Көпшілік арасында қоғамдық пікір туғызған істер бойынша және сот жүйесінде енгізіліп жатқан жаңа ақпараттық технологиялар жайлы журналистердің сұрағына өткен жылы қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер жайлы және «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервис, «Төрелік» атты жаңа пилоттық жоба жөнінде, сот мәжілісінде дыбыс, бейне жазу, бейнеконференцбайланыс арқылы істерді қарау жөнінде, жергілікті ХҚКО арқылы талап арыздар жолдау, сотқа қатысушыларға SMS хабарлама, электронды сотқа шақыру қағаздарын жолдау туралы түсіндірме берілді.
Осындай «Ашық есік» күндері сотта ай сайын өткізіледі және қала мен облыстың кез келген азаматы осы күні сотқа келіп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі