Қызылордада «Абайлаңыз – балалар!» шарасы жалғасуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде «Абайлаңыз – балалар!» республикалық акциясы жалғасуда. Акция аясында тәртіп сақшылары балаларды жолда жүру ережесімен таныстырып, жол қауіпсіздігін есте сақтауға шақырды.
Полиция қызметкерлері қала орталығында орналасқан №233 және №140 орта мектептерінің 1-4 сынып оқушыларына жол қозғалыс ережелері жөнінде сабақ өткізді.
Бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге көшеде өзін қалай ұстау керектігіне және өз бетінше жол қозғалысы қатысушысы болуға үйретіп, жол қозғалысы ережелерінің маңыздылығын түсіндірді.
Алдағы уақытта акция аясында, білім беру мекемелерінде балалардың жол жүру ережесін біліктілігін арттыру мақсатында арнайы лекциялар, семинарлар, тренингтер, сауалнамалар ұйымдастырылатын болады.