Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде кімге жүгіну керек?
Қазақстанда 2016 жылы отбасылық жанжал кезінде 36 әйел мен 1 бала зорлық-зомбылықтан көз жұмса, қорлыққа шыдамаған 742 әйел және 175 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. 12 мың нәзік жанды дағдарыс орталығына шағым түсірген. 16 мың бала, 16 мың тағдыр әке-шешесінің ауыр жанжалдарына үнсіз куә болған.
Бүгінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсететін жеке және үкіметтік орталықтар жұмыс істей¬ді. Осы орайда қиындыққа ұшыраған әйелдер жүгіне алатын 4 органды айта кетейік.
1.102 – Полиция
2.Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлім
Бұл орталықтар еліміздің бар қаласында жұмыс істейді. Негізгі міндеті – әйел бостандығы мен мүддесін қорғау, құқықтық көмек көрсету, істерді талдау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Орталықтар басқа ішкі істер органдарымен – қылмыстық полиция, тергеу және анықтау органдары, жасөспірімдер полициясы бөлімімен, сондай-ақ әйелдер істері жөніндегі комиссиямен өзара тығыз байланыста.
Бөлімшелердің құзыреттілігі – заңгерлік кеңес беру және жұмыспен қамту орталығына жолдама беру, психологиялық көмек үшін тұрғылықты жері бойынша үкіметтік емес ұйымдарға немесе емханаға жіберу.
3.Әйелдерге арналған баспаналар
Бұлардың біршасы үкіметтік емес ұйымдардың бастамасы. Әйелдерге арналған мемлекеттік баспаналар да бар. Ол жаққа кез келген әйел тіркеуге қарамастан бара алады.
4.КМУ «Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы».
Сенім телефодары (жасырын түрде, тәулік бойы қызмет көрсетеді) 150. 8 777 2255326, +7 771 5079304
Бұл нөмірлерге Қазақстанның кез келген түкпірінен хабарласуға болады. Егер сіз не сіздің жақындарыңыз осы жағдайға түссе, міндетті түрде әлеуметтік орталықтардан көмек сұрауға кеңес береміз. Я болмаса осы нәрсені жастарға сана-сезім тұрғысынан ескерте жүрген де абзал. Әйелдер шағым түсірмесе, полиция ешқандай әрекет жасай алмайды. Есіңізде болсын! Ешкім де отбасында қорлық көруге міндетті емес.
Дерекөзі:Syrlasu