Президент жолдауы үлкен жауапкершілік жүктейді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады.
Филиал директоры М.Айтимов жолдаудың басым бағыттарына тоқталып өз пікірін ортаға салды. Жолдауда еліміздің ішкі саяси мәселелермен бірге мемлекеттік институттардың рөлін нығайту мен қатар, экономиканы жаңғырту, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға аса ерекше мән берді. Бүгінге дейін айтылып келген бағдарламаларды жаңғыртып, қайта дамытуға назар аударды. Жолдауда айтылған нақты бағыттардың ұжым мүшелеріне тікелей үлкен жауапкершілікті жүктейтіндігіне тоқталды.
Кабинет меңгерушісі А.Тұрабаева, профессор А.Мадалиева, доцент А.Аяғановалар халықты әлеуметтік қамту саласын жаңғыртудағы мәселелерге, сондай-ақ өңірлердің әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларға тоқталып, ерекшеліктерін атап өтті.
Филиал ұжымы қашанда жолдауда қойылған міндеттерді іске асыруға атсалысып, қызу қолдау көрсете бермек.