Қалдыгүл Досмағанбетова: Мәдениет қызметкерлерін бір серпілтіп тастады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуына серпін беретін маңызы зор құжат деп есептеймін. Мемлекет басшысы ел ішіндегі күрмеуі мол күрделі мәселелерді, соның ішінде мемлекеттік қызмет, азаматтық қоғам, этносаралық татулық пен мемлекеттік тіл және жер мәселесі бойынша бірқатар тақырыптарда сөз қозғады.
Жолдауда айтылған мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту, міндетті әлеуметтік жеңілдіктер беру, әсіресе, жас мамандарды жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыстыру жөнінде айтылған нақтылы ойлар көңілден шығады. Осы мәселелер оң шешімін тапқан жағдайда, мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесі де өседі деп ойлаймын. Біз мәдениет саласының қызметкерлері болғандықтан Президенттің мәдениет қызметкерлерін қолдау туралы айтқан сөзі бір серпілтіп тастады.
Қалдыгүл ДОСМАҒАНБЕТОВА,
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі