Еліміздегі танымал қораптағы сүттен қауіпті бактерия табылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ресейде Қазақстанда шығатын атақты сүт маркасын саудалауға тыйым салынды. Россельхознадзор ветеринарлық-санитарлық талаптың бұзылуына байланысты Қазақстаннан баратын бірқатар өнімге уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейлік мамандар қазақстандық «Зенченко и К» сүтінде қауіпті бактерия – ішек таяқшаларын тапқан.
«5 қыркүйектен бастап ветеринарлық және фитосанитарлық бақылаудың федералдық қызметі Армениядан келетін «Гойтекс» өнімдері мен қазақстандық «Зенченко и К» өнімдеріне уақытша шектеу қояды. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ пен Россельхознадзор талабының қайта бұзылуына байланысты", – деп жазылған хабарламада.
Ветеринарлық-санитарлық талаптың бұзылуына байланысты Россельхознадзор зертханалық бақылауды күшейтті.
«Вest Milk», «SMAK-PV» және «Арал» сервистік дайындау орталығы» ЖШС-нің өнімдері жіті тексерістен өтеді.
Сондай-ақ, ресейлік мамандар сары май, жартылай дайын ет өнімдері мен балықты дайындау кезінде де арнайы талаптар сақталмағанын айтады.