5 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Оңтүстік циклонның өтуіне байланысты 5 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады – кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұруы ықтимал. Жауын-шашынсыз ауа райы елдің тек батысында сақталады. Республиканың кей өңірлерінде тұман, бұршақ, екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақтан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз дауыл, 15-25 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында - дауыл, Павлодар облысында түнде кей жерлерінде - тұман, Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ болжанады.
Сондай-ақ Түркістан, Атырау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.