Қызылордада картоп пен асқабақтың жаңа сорттары жерсіндірілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шиелідегі «Алтын дән» шаруашылығында асқабақ пен картоп сорттарын тауар өндірушілерге енгізу және тарату жобасы жүзеге асырылуда. Онда Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты инновациялық технологияларды қолданып жатыр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің дерегінше жұмыс барысында институт картоптың ақсор, жанайсан, үшқоңыр сорттарын өндіріске енгізіп, өнімділікті 10-15%-ға арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ, экономикалық тиімділік 18,0-20,0 мың тг/га құрайды.
Ал, афродита, карина және мозолевская 10 малазықтық асқабақ сорттары өндіріске енгізу нәтижесінде өнімділігі 15-20%-ға артады. Экономикалық тиімділік 32,0-35,0 мың тг/га құрайды.Тауар өндірушілер асқабақ өнімдерімен мал шаруашылығына қажетті ішкі сұранысты қанағаттандырады.
Институт ғалымдары отандық және шетелдік ғылыми жетістік нәтижелері мен өңірдегі озық шаруашылықтардың өндірістік жетістіктерін бірлесе пайдалану арқылы, келешекте картоп дақыл өнімінің экспорттық әлеуетін арттырм асқабақ пен картоп сорттарын тауар өндірушілерге енгізу және тарату жобасын жүзеге асырмақ.