Ет жемейтін адамдар қауіпті ми ауруына шалдығады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Вегетариан болу немесе вегетариандық ми мен интеллектінің дамуына қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz.
Диетологтың айтуынша, ата-анасының вегетариан болуы баласының интеллектуалдық қабілетіне кері әсер етуі ықтимал.
Эмма Дербишир еттен немесе мал өнімдерінен жасалған басқа да тағамдардан бас тарту холиннің тапшылығын туындатады деп есептейді. В тобының дәрумендеріне жататын заттек ми мен жұлын құрылымының дамып, дұрыс қалыптасуы үшін өте қажет.
Холин көбінесе ет, жұмыртқа, сүттің құрамында көп кездеседі. Сонымен қатар, әртүрлі жаңғақтар мен бұршақтардың құрамында болады.
"Жүктілік кезінде холиннің тапшылығы салдарынан іштегі нәрестенің орталық жүйке жүйесі зақымдануы мүмкін", - деп атап өтті Эмма Дербишир.