4 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар
Халықаралық тхэквондо күні
Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясы 2006 жылы Хошиминде (Вьетнам) өткен Бас ассамблеяда бекітті. Бұл датаның таңдап алынуы кездейсоқ емес, өйткені 1994 жылы дәл осы 4 қыркүйекте Халықаралық олимпиада комитеті тхэквондоны олимпиадалық спорт түрлері қатарына қабылдаған болатын. Алғаш рет тхэквондо бойынша жүлделер 2000 жылы Сиднейдегі жазғы Олимпиада ойындарында сарапқа салынды.

1953 жылы Қарағанды политехникалық институты ашылды. Қазіргі таңда аталмыш білім ордасы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті деп аталады. 2002 жылы Францияда Қазақстанның өнеркәсібіне арнайы мамандар даярлаудағы жоғары сапасы үшін Өнеркәсіпке жәрдемдесу қауымдастығының Алтын медаліне ие болды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басылымы «Сақшы» газеті қазақ тілінде шыға бастады.
2018 жылы Қызылордада мұнай экспортының үлесін арттыру мәселесі талқыланды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен аймақтың жер қойнауын пайдаланушылармен кездесуінде мұнай экспортының үлесін арттыру, газ өндіру және жаңа кен орындарын игеру мәселелері талқыланды. Кездесуді ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Сыр өңіріне жасаған сапарында саланы дамыту бойынша нақты тапсырмалар бергенін атап өтті. 2018 жылы мұнай өндіру көлемі 2017 жылға қарағанда 7,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар, Сыр өңіріндегі мұнай компаниялары ішкі нарықта өндірілген мұнайдың 80%-ын өндіреді. Мұнда бір барреліне - 30 АҚШ доллары, ал экспорт бағасы 70 АҚШ долларын құрайды. Мәселен, 2018 жылдың 6 айында «ҚОР» ҰК» АҚ мен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнайдың жалпы көлемінің 30%-ын және «Қазгермұнай» БК ЖШС 6% -ды экспорттады.