Мейрамбек Бесбаев шенеунік болды
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-09/1567506499_3meirambek1.jpg)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Мейрамбек Бесбаев – қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.