Қазақстанның бес өңірінде минус 3 градусқа дейін үсік жүреді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақтан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан обысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау облыстарында, Қарағандының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облыстарының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облылыстарында түнде минус 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.