Руслан Бектібаев: Медициналық қоғам орасан зор өзгерістер қарсаңында
- Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналған. Мемлекет басшысы медициналық қызметтердің сапасын халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды компоненті болып табылатынын атап өтті. Сондықтан, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сақтайды.
ТМККК және МӘМС пакеттері бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мәселен, 2020 жылдан бастап жеңілдігі бар 15 санаттар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Жұмыс берушілер, жұмыскерлер, кәсіпкерлер денсаулық қоржынын толтыруды жалғастырады.
МӘМС-ке түскен барлық қаражат Ұлттық банкте сақталады және МӘМС жүйесінің медициналық пакеттеріне жұмсалады.. Осылайша, медициналық қызметтерге арналған жеке «қалта» шығындарының төмендеуі және қымбат тұратын медициналық қызметтерге қолжетімділіктің айтарлықтай артуы күтілуде.
Біз Мемлекет басшысының Жолдауын толығымен қолдаймыз және қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді, тәжірибе мен біліктілігімізді саламыз.
Руслан БЕКТІБАЕВ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры.