Медициналық сақтандыру қоры өз байланыс орталығын іске қосты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 1406 нөмірі арқылы медициналық сақтандыруға қатысты кез келген сұраққа жауап алуға болады, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы.
Қоңыраулар Қазақстан бойынша кез келген телефоннан тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. 1406 нөмірі арқылы медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерге баға беруге болады.
«Бұдан бөлек, Қарағанды облысының тұрғындары осы бағыттағы сауалдарын арнайы ашылған азаматтарды қабылдау кабинетінен біле алады. Мұндай кабинеттер келесі жылдың басынан Қордың әр аймақтағы филиалында жұмыс істей бастайды», - делінген хабарламада.