Шәкизада Әбдікәрімов: Парламенттің алдында ауқымды міндеттер тұр
– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауынан өзгерістер күткеніміз анық. Бүгінгі Жолдау біршама әлеуметтік мәселелерді көтерді. Зейнеткерлік, медицина, білім, мәдениет саласының өзекті проблемалары қамтылды.
Сонымен қатар, маңызды құжат арқылы демократиялық сарынды сезініп, қоғамды сауықтыру тұрғысынан айтылған ойлар жүрекке жылы тиді. Мемлекет басшысы Қоғамда болып жатқан мәселелерді сынап, олардың көшеде емес Парламентте, үлкен құзіретті органдарда шешілуі тиіс екенін қадап айтты. Осы мақсатта депутаттар өз құқықтарын пайдалана отырып, белгілі бір тақырыпқа депутаттық сауал жолдап оның шешілуіне жұмыс істеу керек. Көптеген заңдарға өзгерістер енгізуі тиіс.
Шәкизада ӘБДІКӘРІМОВ,
облыстық мәслихат депутаты