СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық соттың жалпы отырысының төралқа отырысы өтті, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Төралқа отырысында жас судьялардың тағылымдамадан өту есебі мен тағылымдама жетекшілерінің пікірлері тыңдалып, жас судьяларға сот төрелігін жүзеге асыруларына қажетті бағыт-бағдар берілді.
Сонымен қатар, облыстық сот судьялары тарапынан жасалынған аудандық және оған теңестірілген соттарында 2014 жылдың 4-тоқсанында жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау тәжірибесіне, 2014 жылы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін еріксіз иеліктен шығару туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесіне жасалған талдаулар талқыға салынды.
Төралқа қаулысымен талдаулар аудандық және оған теңестірілген соттарға қызметте қолдану үшін жолданды, кемшіліктері көрсетілген судьяларға реферат дайындау, оны тиісті сот алқасында қорғауға тапсырма берілді. Сондай-ақ, оқу орталығының үйлестірушісіне семинар-сабақтарын өткізу тапсырылды.