Президент «Дарынды баланың қабілетін дамытудың» жол картасын әзірлеуді тапсырды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанда «Дарынды баланың қабілетін дамытудың» жол картасы әзірленеді. Үкіметке мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке «Дарынды баланың қабілетін дамытудың» жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек»,- деді Қ.Тоқаев.