2020 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өседі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2020 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз, – деді Президент өз сөзінде.